Бүгін «Хабар» арнасында «Жігіт сұлтанының» ақтық сыны көрсетіледі. ВИДЕО

АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - «Хабар» арнасы биылғы жылдың сәуір айынан бастап көрермен назарына ердің ерін, жігіттің төресін таңдайтын жаңа форматтағы, жаңғырған мазмұндағы «Жігіт сұлтаны» жобасын ұсынып келеді. Жобаның басты мақсаты - дарынды, жігерлі, жүректі, білекті жігіттерімізді насихаттау.
None
None

Бағдарлама қатысушыларына қойылған басты талаптар: бойы ұзын, қазақ тілінде еркін сөйлей алатын, қазақ дәстүрі мен тарихынан сусындаған, өнерлі, әрі спортпен шыныққан, жасы 18 бен 29 аралығындағы азамат болу. Іріктеу турына еліміздің әр қиырынан 500-ге жуық азамат қатысты, солардың арасынан топ жарып, суырылып шыққан 16 жігіт сайыстық бағдарламада өз бағын сынап көруге мүмкіндік алды. Олар таныстыру, ән сайысы, спорттық бәсеке, актерлік шеберлік, ұлттық қолөнер, ат спорты, би жарыс, ептілік пен тапқырлық бәсекесі және ұлттық ойындар бойынша сайысқа түсті.

Бүгін сағат 22:20 «Хабар» арнасының эфирінен «Жігіт сұлтаны» жобасының ақтық сыны көрсетіледі. Соңғы бәсекеде 6 азамат өзара мықтыны анықтап, жеңімпазға темір тұлпардың кілті табыс етіледі.

Финалға жолдама алған тұлғалары көз тойдырар, өнерлері көңіл сүйсінтер алты жігіт мыналар: Есжан Әсет, Бимен Алтай, Охан Айтуған, Олжас Ибраев, Дархан Манақов, Жандарұлы Ердос.

Ақтық сында сегіз қырлы, бір сырлы оғландардың өнеріне мүйізі қарағайдай, сөзі мірдің оғындай, қара қылды қақ жарған әділдігімен танымал, ең мықты қоғам және өнер қайраткерлері төрелік етеді.

Соңғы жаңалықтар