12:10, 10 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Бүгін - Халықаралық адам құқықтары күні
АЛМАТЫ. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат /Сара Мұстафина/ - Бүгін - Халықаралық адам құқықтары күні. Ол 1950 жылдың 4 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясымен құрылған.

Барлық мемлекеттер мен мүдделі ұйымдарға бұл күні сәйкес шаралар өткізу ұсынылған.
10 желтоқсан БҰҰ Бас Ассамблеясының 1948 жылдың 10 желтоқсанында Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясын қабылдау және жариялау құрметіне таңдалып алынған. Ол адам құқықтары туралы жағдайларды қалыптастырған алғашқы әлемдік құжат болды.
Қазақстанда адам құқықтарын қорғау мемлекеттік саясаттың негізге алатын ұстанымы болып табылады. ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Мемлекет басшысының Жарлығымен 1994 жылдың 12 ақпанында құрылған. Мақсаты - адам құқықтарын қолдау және қорғаудың мемлекеттік және қоғамдық механизмдерін күшейту.