Бүгін Халықаралық адамдар ынтымақтастығы күні

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Халықаралық адамдар ынтымақтастығы күні. Кедейшілікті жоюмен күрес жөніндегі БҰҰ-ның бірінші онжылдығы шеңберінде Бас Ассамблея жыл сайын 20 желтоқсанда Адамдар ынтымақтастығының халықаралық күнін атап өту туралы шешім шығарды (№A/RES/58/220 қарар).

Бүгін Халықаралық адамдар ынтымақтастығы күні

Бұл шешімді қабылдау кезінде Бас Ассамблея Мыңжылдық декларацияда ынтымақтастық XXI ғасырдағы халықаралық қатынастар негізі болып табылатын түпкілікті және салалы құндылық деп танылғанын еске салды.