Бүгін - Халықаралық әлемнің байырғы халықтары күні

АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін - Халықаралық әлемнің байырғы халықтары күні.

Бүгін - Халықаралық әлемнің байырғы халықтары күні

Бұл күнді Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 1994 жылғы 23 желтоқсанда бекіткен. 1992 жылы осы күні Адам құқын көтермелеу және қорғау жөніндегі шағын комиссиясының байырғы халықтар жөніндегі жұмысшы комиссиясының бірінші мәжілісі өтіп, онда: «Осынау Халықаралық әлемнің байырғы халықтарының күні байырғы халықтардың мәдениеттері байлығына және олардың әлем халықтары отбасын өрістетуге қосып келе жатқан айрықша үлесін лайықты бағалаймыз. Сонымен қатар біз көптеген байырғы халықтар ұшырап отырған - жол беру мүмкін емес көлемдегі кедейшілік пен ауруға шалдығудан бастап, мүліктерінен айырылып қалу, кемсітушілік пен адам құқықтарының негізі болып табылатын ұстанымдарға дейінгі ауыр қиыншылықтарды да жадымызда ұстаймыз», - деп атап көрсетілген.

2004 жылы Бас Ассамблея Халықаралық әлемнің байырғы халықтары екінші онжылдығын жариялады (59/174 қарар). Екінші онжылдық мақсаты байырғы халықтардың мәдениет, білім беру, адам құқықтары, қоршаған орта мен әлеуметтік және экономикалық даму тәрізді салаларда алдарында тұрған мәселелерді шешудегі халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды көздейді.