Бүгін - Халықаралық анимация күні

АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат - Бүгін - Халықаралық анимация күні. 1892 жылы қазанның 28-інде Парижде Эмиль Рейно есімді көзбояушы көрермендерді жаңа, осы күнге дейін ешкім көрмеген - «оптикалық театр» атты көрінісіне шақырды. Онда талантты өнертапқыш алғашқы рет өзінің праксиноскоп аппаратына көпшіліктің назарын аударады, ол қозғалатын суреттерді көрсетеді. Содан бері осы атаулы күн анимация киносы дәуірінің басталған күні деп саналады.

Бүгін   - Халықаралық анимация күні

Халықаралық анимация күні Анимация киносының халықаралық одағында (ASIFA - The International Animated Film Association) 2003 жылы бекітілген және қазір дүниежүзінде аталып өтеді.