07:45, 07 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Бүгін - Халықаралық азаматтық авиация күні
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін - Халықаралық азаматтық авиация күні.

1944 жылы Чикагода 52 елдің өкілдері Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға қол қойды. Конвенция мемлекеттердің азаматтық авиация саласында ықпалдасуына берік негіз салып, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) құрылуына негіз болды. А29-1 қарарына сәйкес 1994 жылы ИКАО Ассамблеясы әрбір жылдың 7 желтоқсанын Халықаралық азаматтық авиация күні етіп жариялады. БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық азаматтық авиация күнін 1996 жылы бекітті.