Бүгін - Халықаралық балалар теледидары мен радиотарату күні
АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Халықаралық балалар теледидары мен радиотарату күні ең кішкентай телекөрермендер туралы ұмытпауды еске салады.
Жыл сайын наурыздың алғашқы жексенбісінде барлық теле- және радио жүргізушілер эфирді балаларға беріп, түгелі «балалар толқынында» болады. Халықаралық балалар теледидары мен радиотарату күні 1994 жылы сәуір айында Канныда БҰҰ-ның Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бекітілді. Сол уақыттан бастап жүзден астам елдің теле- және радио жүргізушілері бұл күнге арналған іс-шараларға үздіксіз қатысып келеді.
Бұл күні балалар, жасөспірімдер мен жастар тыңдармандар және көрермендер болып қана қоймай, сондай-ақ бағдарламаларды, түрлі масс-медиалық іс-шараларды әзірлеуге белсенді түрде қатысады. Барлығына өздерінің армандары, мақсаттары туралы айтуға, сондай-ақ өз еліндегі және әлемнің түкпір-түкпіріндегі замандастарына өзекті ақпараттармен бөлісуге мүмкіндік алады.