Бүгін - Халықаралық бейбітшілік күні

АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - Бүгін - Халықаралық бейбітшілік күні. Жыл сайын қыркүйектің 21-і күні аталып өтілетін Халықаралық бейбітшілік күні соғыс отын тоқтату мен зорлық-зомбылықтан бас тартуға жаппай шақыруымен ерекшеленеді.

Бүгін - Халықаралық бейбітшілік күні

Халықаралық бейбітшілік күнін БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1981 жылы бекіткен. 2002 жылғы қыркүйектің 21-інен бастап атап өтіледі. Халықаралық бейбітшілік күнін қыркүйектің 21-інде мерекелеу туралы шешім БҰҰ Бас Ассамблеясының 55 сессиясында қабылданған.

Бас Ассамблея бұл күн бүкіл әлемде зорлық-зомбылықтан бас тарту және соғыс отын тоқтату күні болсын деп жариялады. Барлық елдерге осы күні әскери әрекеттер өткізуден тартыну ұсынылды.