Бүгін Халықаралық бейбітшілік күні
АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жыл сайын 21 қыркүйекте атап өтілетін Халықаралық бейбітшілік күні соғыс отын тоқтату мен зорлық-зомбылықтан бас тартуға жаппай шақырумен ерекшеленеді.
Халықаралық бейбітшілік күнін БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1981 жылы бекіткен. Ол 2002 жылдың 21 қыркүйегінен атап өтіледі. Халықаралық бейбітшілік күнін дәл осы күні мерекелеу туралы шешім БҰҰ Бас Ассамблеясының 55-ші сессиясында (2001 жылғы 28 қыркүйегіндегі №A/RES/55/282 арнайы қарары) қабылданды.
Барлық елдерге осы күні әскери әрекеттер өткізуден тартыну ұсынылды.
Жыл сайын 21 қыркүйекте БҰҰ-да Бейбітшілік қоңырауы жанында салтанатпен басталатын, түрлі іс-шаралар өткізіледі. Салтанатты рәсім БҰҰ Бас хатшысының арнау сөзімен басталып, кейін ол қоңырауға ұрады. Сонан соң бір минуттық үнсіздік жарияланады. Кейінгі сөз кезегі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына беріледі.