07:45, 29 Сәуір 2013 | GMT +5
Бүгін - Халықаралық би күні
АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Халықаралық би күні 1982 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның шешімімен тарихқа «заманауи балеттің негізін қалаушы» ретінде енген,

хореографиялық өнердің реформаторы және теоретигі, балетмейстер Жан-Жорж Новердің туған күнінде атап өтіледі.
Жан-Жорж Новер (1727 жылдың 29 сәуірі - 1810 жылдың 19 қазаны) - француз балетмейстері, Л.Дюпренің ізбасары. Сахнаға биші ретінде шықты және Лондондағы «Друри-Лейн» театрында балет труппасына жетекшілік етті.
Новер батырлық балетін және трагедиялық балеттің қағидаларын әзірлеп шығарды.