Бүгін - Халықаралық бітімгерлер күні

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - 2002 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 мамырды Халықаралық бітімгелер күні етіп бекітті.
None
None

Бұл күн әлем бойынша қызмет етіп жүрген бітімгерлердің жан қиярлықтарына алғыс білдіруге үндейді.

Егеменді мемлекеттер арасында атысты тоқтату аумағы бойымен жаяу күзетті атқаратын, жеңіл қаруланған бітімгерлер бүгінде келмеске кетті. БҰҰ-ның қазіргі бітімгерлік операциялары бара-бара күрделі және көпжоспарлы сипатқа ие болуда, олар атысты тоқтату режімін сақтауды тексерумен шектеліп қана қоймайды, бітімгерлер, әдетте, ондаған жылдар бойғы шиеленістен кейін күйреу алдында тұрған елдерді қалпына келтіру міндеттерін шешумен айналысады.

Бұл - қауіппен бетпе-бет келетін бағасы өлшеусіз жұмыс. Бүгінде Бейбітшілікті ұстап тұру жөніндегі операциялар департаменті басқаратын 18 операцияда 72 мыңнан астам әскери қызметкер және 15 мың азаматтық тұлға еңбек етеді. Осылайша, БҰҰ шиеленістен кейінгі тұрақтылық міндеттерін шешетін әлемдегі ең ірі көпжақты ұйым болып табылады.

Соңғы жаңалықтар