Бүгін - Халықаралық бүйрек күні
АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін - Халықаралық Бүйрек күні. Бүкіләлемдік Бүйрек Күні Халықаралық нефрологиялық қоғам (ISN, International Society of Nephrology) мен Бүйрек қорлары халықаралық
федерациясының (IFKF, International Federation of Kidney Foundations) бастамасымен жыл сайын, наурыздың екінші бейсенбісінде аталып өтеді.
Бұл атаулы күннің мақсаты - халықты бүйрек ауруы туралы кеңінен хабардар ету, ауруларды ерте диагностикалау болып табылады.