Бүгін Халықаралық «Дәрігерлер бейбітшілік үшін» күні

АЛМАТЫ. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін - Халықаралық «Дәрігерлер бейбітшілік үшін» күні.
None
None

Ол «Дәрігерлер ядролық қауіптің алдын алу үшін» ұйымымен ұсынылып, 1945 жылы 6 тамызда жапондық Хиросима қаласын бомбалау күні аталып өтіледі. 

Бұл күн символикалық түрде адамзаттың басынан өткізген қайғысы туралы еске салып, ақ халаттылардың бейбітшілік үшін күресте және жалпы алғанда соғысты болдырмаудағы рөлін көрсетеді. Ұйым бұл күнді өзінің күн сайынғы жұмысымен атап өтеді.

Жыл сайын 6 тамыз күні таңғы сағат 8:15-те жапондық Хиросима қаласы Үнсіздік минутын жариялайды. Басын төмен түсіріп, қолдарын кеуделеріне қойған жас және ересек жапондықтар, аналар мен балалар, мұғалімдер мен шенеуніктер осы минуттарда бейбіт қалаға атомдық бомба түсірілген күн туралы ойлайды. Осындай шара 60 жылдан астам уақыт жалғасуда.

«Дәрігерлер ядролық қауіптің алдын алу үшін» ұйымы 1980 жылы Францияда басқа танымал халықаралық «Шектеусіз дәрігерлер» ұйымынан бөліну нәтижесінде құрылды. Сол уақыттан бері «Әлем дәрігерлерінің» ірі бөлімдері 12 елде пайда болды, соның ішінде АҚШ, Швеция және Нидерланды елдері бар.

Соңғы жаңалықтар