Бүгін - Халықаралық қайыршылықты жою үшін күрес күні
АСТАНА. Қазанның 17-сі. ҚазАқпарат - Бүгін - Халықаралық қайыршылықты жою үшін күрес күні.
Халықаралық қайыршылықты жою үшін күрес күнінің тарихы 1987-ші жылғы қазанның 17-сімен тығыз байланысты. Сол 1948-ші жылы, Жалпыға ортақ адам құқы декларациясына қол қойылған күні асқан қайыршылық, күш көрсету және аштық құрбандарын еске алу мақсатымен Париждегі Трокадеро алаңына жүз мыңнан астам адам жиналды. Олар қайыршылық адам құқын бұзу болып табылады деп мәлімдеді және осы құқықтарды сақтауға бірлескен қимыл таныту қажеттігін атап көрсетті. Осы мазмұндағы тиісті мәлімдеме сол күні ашылған Естелік тасына қашап жазылды.
1992-ші жылғы желтоқсанның 22-інде қабылданған қарарында Бас Ассамблея қазанның 17-сін Халықаралық қайыршылықты жою үшін күрес күні деп жариялады және барлық мемлекеттерді, әр елдің өз өзгешіліктеріне қарай, осы күні қайыршылық пен кедейшілікті жоюға байланысты нақты шаралар өткізуге және насихат жұмыстарын жүргізуге арнауға шақырды.