Бүгін - Халықаралық клиент күні

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Әлемде адамдар өздеріне жақын әлеуметтік топқа байланысты атап өтетін көптеген мерекелер бар - Зейнеткер күні, Босс күні, Ғашықтар күні, Кәсіпкер күні.
None
None

Жуырда бұл тізім тағы бір мерекемен - Халықаралық клиент күнімен толықты. Алғаш рет ол 2010 жылдың 19 наурызында атап өтілді.

Тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге арналған бұл мерекенің мақсаты жаңа клиенттерді тартуға және тұрақты клиенттерді ынталандыруға бағытталған. Бұл күні әлемдегі бизнес иелері өздерінің тұтынушыларына ықпалдастықтары үшін алғыстарын білдіре алады. Оны қалай іске асыратындығын кәсіп иелері өздері шешеді, біреулер кәдесыйлар таратса, екіншілері жеңілдік акцияларын, мерекелік іс-шараларды ұйымдастырады.

Бұл мерекенің идеясы Ресей мен Литваның кәсіпкерлеріне тиесілі. Бірақ бұл бастама аз уақытта бүтін әлем бойынша жылдам тарады. Оны Еуропа мен Америкадағы үлкенді-кішілі компаниялар, барлық деңгейдегі кәсіпкерлер мен сауда орталықтары қолдады.

Соңғы жаңалықтар