Бүгін - Халықаралық құл саудасы мен оны жоюды еске түсіру күні
АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін - Халықаралық құл саудасы мен оны жоюды еске түсіру күні.
Жыл сайынғы Халықаралық құл саудасы мен оны жоюды еске түсіру күні ЮНЕСКО Бас конференциясының 29 С/40 қарарымен жарияланған. Мұндай шешім осы ұйымның Атқару комитетінің 150-інші сессиясының 8.2 қарарында жасалған ұсыныстар негізінде қабылданды.
23 тамыз күні Санто-Доминго аралында 1791 жылы 22 тамыздан 23 тамызға қараған түні лап еткен даңқты құлдар көтерілісін есте қалдыру мақсатында таңдап алынған.