08:17, 12 Ақпан 2013 | GMT +5
Бүгін - Халықаралық неке агенттіктері күні
АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Халықаралық неке агенттіктері күнін Украина Білім және ғылым министрлігі Зияткерлік меншік мемлекеттік департаменті 2010 жылдың 1 желтоқсаны күні тіркеді.

Украиналық неке агенттіктерінің біріне тиесілі жаңа мерекені бекіту идеясын АҚШ, Канада, Германия, Франция, Италия, Испания және Швейцариядағы серіктес-агенттіктер қолдап әкетті.
Кейбір мәліметтерге сүйенсек, неке агенттіктерінің тарихына 360 жыл. Алғашқы неке конторасы - «Кездесулер мен мекен жайлар бюросы» 1650 жылы 29 қыркүйекте Лондонда ашылды. Сол уақыттан бері жұбайын хабарлама немесе танысу қызметі арқылы табу кеңінен тарады.