Бүгін – Халықаралық орман күні
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Халықаралық орман күні, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар минстрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Ондағы ақпараттарға қарағанда, Қазақстан шағын орманды мемлекеттерге жатады, ел аумағындағы орман көлемі 4,8-ге тең.
«2030 жылға қарай орман жамылғысының үлесін 5%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Ол үшін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ормандарды қалпына келтіру мен орман өсірудің кешенді жоспарын әзірлеуде. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша 5 жыл ішінде орман қорында 2 млрд. ағаш отырғызылады. Заңсыз ағаш кесу мен өрттерді бақылау үшін тұрақты космомониторинг жүргізіледі. Қазақстанның ұлттық байлығы - орманды сақтап, көбейту маңызды!»,-делінген министрліктің хабарламасында.