Бүгін - Халықаралық солақайлар күні
АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат - Бүгін -Халықаралық солақайлар күні. 1984 жылдан Халықаралық солақайлар конфедерациясының бастамасымен атап өтіледі.
Әлем тұрғындарының 10 пайызға жуығы - солақай. Солақайлардың қатарында Юлий Цезарь, Жанна д׳Арк, Наполеон, Уинстон Черчилль, Микеланджело, Рафаэль, ағылшын королевасы Елизавета, Бетховен, Мэрилин Монро, Грета Гарбо сынды танымал тұлғалар бар.