09:05, 11 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Бүгін - Халықаралық таулар күні
АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Халықаралық таулар күні 2003 жылы БҰҰ-ның 57-ші Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілді.

2004 жылдан бері «Әлем: таулардың тұрақты дамуының көзі» ұранымен атап өтіледі. Бас Ассамблеяның тиісті Қарарында таулы аймақтардың тұрақты дамуына бағытталған іс-қимылдардың ерекше өзектілігі атап өтілген. Бас Ассамблея таулы аймақтардың тұрақты дамуын насихаттау мақсатында халықаралық қауымдастықты бұл күні барлық деңгейде іс-шаралар ұйымдастыруға шақырды.
Таулар Ғаламшар бетінің төрттен бір бөлігін алып жатыр және халықтардың 10 пайызының баспанасы болып табылады. Бұл көптеген өсімдіктер мен жануарлардың қорығы, Жердің барлық негізгі көлдерінің су көзі.