07:38, 06 Наурыз 2013 | GMT +5
Бүгін - Халықаралық тіс дәрігері күні
АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Мерекенің датасы ретінде - 6 наурызды таңдауға тіс медицинасында болған ең үлкен өнертабыс септігін тигізді.

1790 жылы Вашингтонда тұратын тіс дәрігері Джон Гринвуд және Джордж Вашингтонның жеке тіс дәрігері стоматологиялық борды ойлап тапты.
Халықаралық тіс дәрігері күні әуелде ұлттық мереке дәрежесімен тек АҚШ-та ғана атап өтілді. Жылдар өте келе бұл күні тіс дәрігерлерін құттықтау дәстүрі Солтүстік Америка аумағынан асты. Мерекені енгізген алғашқы мемлекеттердің бірі Үндістан болды.