Бүгін - Халықаралық жәбірлемеушілік күні

АСТАНА. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат - Бүгін, қазанның 2-сі күні әлем бойынша Халықаралық жәбірлемеушілік күні атап өтіледі.

Бүгін - Халықаралық жәбірлемеушілік күні

Бұл атаулы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2007-ші жылғы маусымның 27-сіндегі қарарымен (БҰҰ-ның №A/RES/61/271 қарары) бекіткен болатын. Және сол жылдан бастап бұл атаулы күн жыл сайын, қазанның 2-сінде, жәбірлемеу философиясының негізін қалаушы Махатма Гандидің туған күнінде атап өтіліп келеді.

Бас Ассамблея қарарында айтылғандай, бұл Халықаралық күннің мақсаты - бейбітшілік, шыдамдылық, түсіністік пен жәбірлемеушілік мәдениетін бекітуге талпыныс. Қарар барлық адамдарға осы дата туралы жария етіп, осы күнді атап өтуге және мерекелеуге шақырады.