Бүгін Халықаралық жәбірлемеушілік күні

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның  Бас Ассамблеясы 2007 жылдың 27 маусымында (БҰҰ-ның №A/RES/61/271 қарары) бекіткен.
None
None

Дата 2007 жылдан бастап жыл сайын 2 қазан күні жәбірлемеу философиясының негізін қалаушы Махатма Гандидің туған күнінде атап өтіледі.

Бас Ассамблея қарарында айтылғандай, бұл Халықаралық күннің мақсаты - бейбітшілік, шыдамдылық, түсіністік пен жәбірлемеушілік мәдениетін бекітуге талпыныс. Қарар барлық адамдарға осы дата туралы жария етіп, осы күнді атап өтуге және мерекелеуге шақырады.

Үндістанның Халықаралық істер жөніндегі мемлекеттік министрі Ананд Шарма Бас Ассамблеяға бұл қарарды 140 автордың атынан ұсынды. Ол өз сөзінде марқұм басшы Махатма Гандидің: «Жәбірлемеушілік адамзаттың қолындағы аса үлкен күш болып табылады. Ол адам жасампаздығынан туындаған ең қуатты жойғыш қарудан да мықты», - деген сөздерін келтірді.

Соңғы жаңалықтар