Бүгін - Информатика күні

АСТАНА. Желтоқсанның  4-і.  ҚазАқпарат -  Бүгін - Информатика күні. 1948 жылғы желтоқсанның 4-інде КСРО-ның Министрлер одағының Мемлекеттік комитеті ғалымдар И.С.Брук және Б.И.Рамеев ойлап тапқан сандық электронды есептеуіш машинасын халық шаруашылығына енгізіп, 10475 рет санымен тіркеді.

Бүгін - Информатика күні

Бұл Ресей Федерациясының есептеуіш техникасының дамуына қатысты алғашқы ресми түрде тіркелген құжат. Бұл атаулы күннің  кеңестік информатиканың туған күні деп аталуына  толық  негіз  бар.