Бүгін Испанияның ұлттық мейрамы - Испан ұлтының күні
АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Испанияның ұлттық мейрамы - Испан ұлтының күні.
Бұл күн Х.Колумбтың Американы ашқан жылының құрметіне орай атап өтіледі (1492). Испания Корольдігі - Еуропаның оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің көп бөлігін және Жерорта теңізіндегі Балеар, Питиус аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралдарын иеленеді. Ресми тілі - испан тілі. Астанасы - Мадрид қаласы. Мемлекет басшысы - король. Заң шығарушы органы - екі палаталы парламент.
Қазақстан Республикасы мен Испан Корольдігінің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 11 ақпанда орнатылды.