21:44, 15 Шілде 2018 | GMT +6
Бүгін Қапшағайда 4 адам суға кетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы маңындағы Қапшағай су қоймасында 4 адам суға кетті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
«15 шілде күні таңғы 06.00 шамасында Қапшағай су қоймасына шомылуға келген 28 жастағы әйел суға батып кетті. Сол күні түскі 12.00 шамасында 23, 20, 16 жастағы жас балалар суға кетті",- деді ол.