Бүгін Қарағанды қаласында ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 25 наурыз күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Қарағанды қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық ауаның ластануы тек Қарағанды қаласында болжанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.