Бүгін - Қарым-қатынас пен даму жолындағы дүниежүзілік мәдени әралуандылық күні

АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - 2002 жылдың 20 желтоқсаны күні БҰҰ Бас ассамблеясы «Мәдениет және даму» қарарымен 21 мамырды Қарым-қатынас пен даму жолындағы дүниежүзілік мәдени әралуандылық күні етіп бекітуді қаулы етті.

Бүгін - Қарым-қатынас пен даму жолындағы дүниежүзілік мәдени әралуандылық күні

Атаулы күннің мақсаты - қоғамды мәдени әралуандылықтың құндылығы мен маңыздылығы туралы ақпараттандыру және түрлі іс-шараларды өткізу арқылы мәдени әралуандылықтың позитивті рөлін ұғынуға қолғабыс ету.

Қазақстан Дүниежүзілік және мәдени мұраны қорғау жөніндегі конвенцияға 1994 жылдың 29 сәуірінде қосылды.