Бүгін Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 23 тамыз күні Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болады

Сәрсенбіде Ақтау, Алматы, Өскемен, Риддер, түнде Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз жағдайлары күтіледі.

Өзге қалаларда метеорологиялық ахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.