Бүгін Қазақстан мектептерінде Бірыңғай ұлттық тестілеу басталды

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан мектептерінің түлектері Бірыңғай ұлттық тестіні тапсыруды бастады.

Бүгін Қазақстан мектептерінде Бірыңғай ұлттық тестілеу басталды

Алғашқы күнде ҰБТ 56 пунктте өткізіліп, оған 25 756 түлек қатысатын болады. Бұл туралы ҚР БҒМ-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Астанада ҰБТ Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде және Қазақ гуманитарлық заң университетінде өтеді. Алғашқы күнде ҰБТ-ны 2 мың елордалық түлек тапсыратын болады.

ҰБТ-ның әрбір пунктінде мемлекеттік комиссиялар, апелляциялық комиссиялар жұмыс істеуде. Министрлік жанынан Республикалық апелляциялық комиссия құрылды.

Өңірлерде жергілкті атқарушы органдар мен мемлекеттік комиссиялар ҰБТ-ны сәтті өткізу үшін барлық жағдайларды жасады.