Бүгін Қазақстан өңірлеріне антициклонның ықпалы сақталады - Қазгидромет

СТАНА. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін, сәуірдің 24-і күні Қазақстан өңірлеріне антициклонның ықпалы сақталады. Тек, батыс, күндіз солтүстік-батыс аумақтар жаңбыр мен дауылды желдерді алып келетін атмосфералық ағымдардың әсерінде болады.

Бүгін Қазақстан өңірлеріне антициклонның ықпалы сақталады - Қазгидромет

Мәселен, Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, түнде Қарағанды, күндіз Атырау облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады деп күтілуде.

Қызылорда облысының кей аумақтарында шаңды боран аралас 15-20 м/с екпінде жел тұрады.