Бүгін - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі құрылған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1992 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі құрылды. Биыл аталған құрылымның құрылғанына 22 жыл толып отыр.

Бүгін -  Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі құрылған күн

Қазақстан Республикасының Күзет қызметі мемлекеттік орган ретінде, арнайы әскери құрылым және Республика Президентіне тікелей бағынышты болып табылады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қауіпсіздігін және Президентпен бекітілген тізімі бойынша мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ елімізге іссапармен келген шет мемлекеттерінің үкімет басшылары және халықаралық ұйымдардың басшыларының қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталмыш орган өзінің қызметін ҚР Конституциясының 44-ші бабына және ҚР «Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі туралы» заңына сәйкес жүзеге асырады. Құрылған күннен бүгінгі күнге дейінгі аралықта құрылым толық қалыптасып, дами түсті.

Атап айтқанда, күзет қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында, оларды лаңкестікке қарсы және VIP-тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша әр түрлі курстарда оқыту жүзеге асырылуда. Бірқатар қызметкерлер еліміздің және Мысыр, Израйль, Германия, АҚШ мемлекеттерінің оқу орталықтарында дәріс алды. Сондай-ақ бірқатар шетелдік әріптес құрылымдармен өзара ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойған.

Күзет қызметі элиталы әскери құрылым ретінде, өзінің атауы немесе жеңілдіктерінің арқасында емес, мемлекеттің қауіпсіздігі мен Елбасының қауіпсіздігін қамтамсыз етудегі шешетін тапсырмалардың негізінде есептеледі.

Осы ретте, бөлімше қызметкерлеріне қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жоғарғы деңгейде өткізгендіктері үшін, шетелдік күзетілетін тұлғалар тарапынан бірнеше рет алғыс жарияланғанын атап өту керек.