Бүгін Қазақстан спортшылары Қазанда өтетін Бүкіләлемдік Универсиадаға аттанады

АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 6-17 шілде аралығында Татарстан Республикасының Қазан қаласында XXVII Бүкіләлемдік жазғы Универсиада өтеді.
None
None

Аталған іс-шараға қатысу үшін бүгін сағат 17.00-де 100 адамнан тұратын Қазақстан спортшылары Алматы әуежайынан Қазан қаласына ұшады. Олар бокс, күрес, дзюдо, жеңіл атлетика, спорттық гимнастика сынды спорт түрлерінен ел намысын қорғайтын болады.

Осыған орай, бүгін спортшыларды ҚР БҒМ вице-министрінің, республикалық жастар ұйымдары, БАҚ және жастар өкілдерінің қатысуымен шығарып салуды ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Шығарып салу шарасына қатысушылар Мемлекеттік әнұранды орындайды. Сонымен қатар олар Астана қаласының 15 жылдығы аясында Елбасын және барлық қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтауға мүмкіндік алады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум