Бүгін - Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің күні

АСТАНА. Шілденің  13-і.  ҚазАқпарат - Бүгін - Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің күні.
None
None

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына биыл  17 жыл толды. 1991 жылы желтоқсанның 19-ы күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Қазақ ССР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің заңды мұрагері болып танылып, ал  1992 жылы шілденің 13-і күні Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті болып қайта құрылды.

Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органының тарихы осы күннен бастау алады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті - кез-келген қатер мен сынаққа шұғыл да барабар жауап бере алатын икемді, әрі жоғары білікті арнайы қызмет. Өзінің қарсы барлау тұжырымдамасын жасау нәтижесінде шетелдік арнайы қызмет өкілдерінің әрекеттерін әшкерелеу, олардың белсенділігін бәсеңдету, ұлттық қауіпсіздікті бақылауға алу мүмкін болып отыр.

Соңғы жаңалықтар