Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Сербия-Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Сербия астанасы Белградта футзалдан Еуропа чемпионаты аяқталады. Турнирдің соңғы күні Қазақстан Ұлттық құрамасы да бақ сынайды.

 Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Сербия-Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетеді

Еліміздің спортшылары Еуропа чемпионатының қола жүлдесі үшін Сербия командасымен ойнайды. Бұл матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 23:20-да тікелей эфирде көрсетеді.

Сонымен қатар, бүгін Еуропа біріншілігінің финалында Испания мен Ресей құрамасы ойнайды. Бұл ойынның тікелей көрсетілімін «Қазақстан» Ұлттық арнасының көрермендері Астана уақытымен сағат 01:50-ден бастап тамашалай алады.