08:59, 01 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Бүгін Қазақстанда азаматтық қоғам институттарының күні мерекеленуде
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат -2011 жылдың 1 желтоқсанында «20 жұлдызды күн «Тәуелсіздіктің 20 шыңы» күнтізбесіне сәйкес Қазақстанда алғаш рет азаматтық қоғам институттарының күні мерекеленуде.

Бұл күні Қазақстанның азаматтық альянсы мемлекеттік органдардың қатысуымен азаматтық қоғам институттарының күнін өткізу үстінде.
Астанада 1 желтоқсан күні ҮЕҰ жетістіктерінің көрмесі және азаматтық қоғам институттарымен сәтті өзара әрекеттесіп, мықты әрі тұрақты Қазақстанды қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып жүрген барлық адамдар - үздік әкімдер, мемлекеттік органдар, БАҚ өкілдері мен әріптес ұйымдарды марапаттау рәсімі өтеді. Марапаттау рәсімі ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қатысуымен өтеді.