Бүгін Қазақстанда Білім күні атап өтілуде (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Қазақстанның бас қаласы - Астанада бес жаңа мектеп ашылды. Олардың әрқайсысы 1200 елордалық оқушыларды қабылдай алады. Олардың бірінде, №75 заманауи гимназияда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев болып, оны аралап көрді.
Бұл оқу орнында заманауи жабдықтармен, конференц-залмен, интерактивті жабдықтармен жарақтанған 56 кабинеттері, электрондық абонементті кітапханасы бар. Мектепте оқушылардың ғарыш, медицина саласында ғылыми-зерттеулермен айналысуы үшін зертхана жасақталған.
Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады. Президент баланың жақсы азамат болып өсуі ата-аналары мен мұғалімдеріне байланысты екенін жеткізді.
- Балаларды патриоттық пен толеранттылық рухында тәрбиелеу керек. Олар достыққа адал болып, ата-ана мен үлкендерді құрметтеуі тиіс. Осының бәрі біздің қоғамның ешқашан мәнін жоғалтпайтын құндылықтары, біз оны балаларымызға мирас етуіміз керек», - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.
Салтанатты жиын және ашық сабақтар елдің барлық өңірлерінде өтті. Нақ осы күні балғын қазақстандықтар үшін 63 жаңа мектептің есіктері айқара ашылды. Ал тәуелсіздік жылдары елімізде 1 мың мектеп салынды.