Бүгін Қазақстанда күн райы жауын-шашынсыз, аязды болады

АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК-нің болжамынша, 20 қараша күні Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады.

Бүгін Қазақстанда күн райы жауын-шашынсыз, аязды болады

Ауа райы жауын-шашынсыз, аязды болады деп күтілуде, тек еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аумақтары атмосфералық ағымдардың ықпалында болады. Соған байланысты бұрқасын, көктайғақ, күшті желдер мен тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлеріне тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жекелеген жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде және таңертең тұманды болады.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Күндіз Қостанай облысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Алдағы 3 тәулікте елдің солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық және шығыс облыстарындағы сулы нысандарда мұз қату үрдісі жалғасады. Соған байланысты шығыстың жекелеген өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Республиканың қалған аумақтарындағы өзендерде су бетінің салқындауы байқалады. Оңтүстік Қазақстанның қалған таулы өзендерінде жауын-шашынға байланысты судың деңгейі артуы ықтимал.