Бүгін Қазақстанда түн суық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстанда тропосферада солтүстік және солтүстік-батыс ауа ағындарының сақталуына байланысты күздегідей салқын ауа райы қалыптасып отыр.
None
None

Олармен бірге Ресейдің Еуропалық аумағының солтүстік аудандарынан және Уралдан республика аумағына суық және дымқыл ауаның келуі жалғасуда, деп хабарлайды Қазгидромет.

Міне осы себепті таяу арадағы үш тәулікте облыстардың көпшілігінде ауа температурасы көпжылдық орта көрсеткіштен 3-8º төмендеп, ал елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде бүгін түнде қатқақ болады.

Соңғы жаңалықтар