Бүгін Қазақстанда жел күшейіп, тұман түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет ел аумағында 20 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бүгін Қазақстанда жел күшейіп, тұман түседі

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың шығысында, оңтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің шығысында, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. ҚР бойынша желдің күшеюі, тұман, еліміздің батысында шаңды дауыл сақталады», - деп жазды синоптиктер.