Бүгін қазақстандық 8 боксшы Қытайдағы лицензиялық турнирдің ширек финалында бақ сынайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Азия және Мұхит елдері аймағы боксшылары арасында өтіп жатқан Олимпиада ойындарына лицензиялық турнирдің ширек финалдық додасы өтеді.
None
None

Цзиньяньдағы рингке қазақстандық бокс мектебінің 8 өкілі (алты ер адам мен екі әйел) шығады, деп хабарлайды Қазақстандық бокс федерациясына сілтемемен sports.kz.

Ширек финалдар:

Күндізгі сессия, басталуы Астана уақытымен сағат 12:00-де.

Ринг А:

5-ші жұп. 81 келі - Әділбек Ниязымбетов - Алаа Элдин Госсоун (Сирия)

11-ші жұп. 60 келі - Назым Ищанова - Йин Джинхуа (Қытай)

Ринг В:

1-ші жұп. 64 келі - Абылайхан Жүсіпов - Дэвид Биддл (Австралия)

5-ші жұп. +91 келі - Иван Дычко - Патрик Майлата (Жаңа Зеландия)

13-ші жұп. - 75 келі - Дариға Шәкімова - Эрденетуя Энхбаатар (Моңғолия)

Кешкі сессия, басталуы Астана уақытымен сағат 17:00-де.

Ринг В:

2-ші жұп. 52 келі - Олжас Сәттібаев - Инку Ким (Корея)

6-шы жұп. 56 келі - Қайрат Ералиев - Центбаатар Ерденебат (Моңғолия)

9-шы жұп. 75 келі - Жәнібек Әлімханұлы - Ильяр Ахметов (Қырғызстан).

Соңғы жаңалықтар