Бүгін Қазақстанның 1 ғана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 1 ғана қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа сапасы төмендейді.

Бүгін Қазақстанның 1 ғана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап хабарлайды.

«2021 жылғы 14 қарашада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы қалаcында күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қазақстанның өзге қалаларындағы жағдай қалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.