Бүгін Қазақстанның 1 ғана қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның бір ғана қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстанның 1 ғана қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады

«2021 жылғы 28 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.