Бүгін Қазақстанның 1-ракеткалары Рыбакина мен Бублик туған күндерін атап өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның бірінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Александр Бублик туған күндерін атап өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Қазақстанның 1-ракеткалары Рыбакина мен Бублик туған күндерін атап өтуде

Е.Рыбакинаның 24, А.Бубликтің 26 жасқа толуына орай Қазақстан теннис федерациясы әлеуметтік желілерді еліміздің көшбасшы ойыншыларын құттықтады.

Сондай-ақ теннисшілердің туған күндеріне байланысты жанкүйерлер мен әлеуметтік желі қолданушылары тілектерін жолдауда.

Қазіргі таңда Елена Рыбакина дүниежүзілік рейтингіде үздік үштікті түйіндесе, Александр Бублик 47-орында тұр.

Нағыз дер шағында жүрген теннисшілердің өз көрсеткіштерін жақсартуы үшін мүмкіндіктері толық жетеді. Ол үшін алдағы Берлин, Уимблдон секілді ірі жарыстарда табысты өнер көрсетулері керек.