Бүгін Қазақстанның 13 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 13 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2022 жылғы 22 қаңтарда Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар (1-дәрежелі), Петропавл, Риддер (2-дәрежелі), Семей (2-дәрежелі), Өскемен (2-дәрежелі) және Теміртау қалаларында күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




Соңғы жаңалықтар