Бүгін Қазақстанның 2 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Нұр-Сұлтан мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазнидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстанның 2 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

«2021 жылғы 29 қазанда Атырау және Нұр-Сұлтан қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.