Бүгін Қазақстанның 2 қаласында жайсыз метеорологялық жағдай қалыптасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-сы таратқан мәліметтерге қарағанда, 8 қазанда Ақтөбе және Нұр-Сұлтан қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады деген болжам бар.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.