Бүгін Қазақстанның 3 қаласында ауа ластанады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 3 қаласына жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Қазақстанның 3 қаласында ауа ластанады

«2022 жылғы 12 қарашада Алматы, Шымкент, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген «Қазгидромет» РМК-ның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, баяу жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.