Бүгін Қазақстанның 3 қаласында жайсыз меторологиялық жағдай қалыптасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 3 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстанның 3 қаласында жайсыз меторологиялық жағдай қалыптасады

«2021 жылғы 17 қарашада Нұр-Сұлтан, Атырау және Көкшетау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.