Бүгін Қазақстанның 4 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-ның болжамы бойынша бүгін Қазақстанның 4 қаласында жайсыз метеоролоиялық жағдай қалыптасып, ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Қазақстанның 4 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

«9 қазанда Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қостанай және Орал қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.